Алматыда жасырын казино ұйымдастырушы сотталды

Скрин видео

Алматыда жасырын казино ұйымдастырған ер адам 4 жыл және 2 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жасырын казино ұйымдастырған ер адам 4 жыл және 2 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті төтенше жағдай режимі кезінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.

Мамырда жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында Алматыда "Ойын бизнесі туралы" заңның талабын бұзған жасырын казино анықталды.

Реклама
Реклама

Тексеру кезінде мекемеде ойыншылар мен жұмысшылар болған, әрі покер үстелі, 13 дана ойын автоматы,  рулетка үстелі, сондай-ақ, компьютерлік техника, ноутбук, теледидарлар және ұлттық және шетел валютасындағы ақша тәркіленген.

"Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен жасырын казино ұйымдастырушы ҚР Қылмыстық кодесінің 307-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына ("Аса ірі мөлшерде табыс табу және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл және 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама