15 маусым 2021 12:13

Алматыда жезөкшелерді сауна мен қонақүйлерге апаратын жеңгетайлар ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда жезөкшелерді сауна мен қонақүйлерге апаратын жеңгетайлар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жезөкшелерді сауна мен қонақүйлерге апаратын жеңгетайлар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілер тізім жасап, қыздарды кезек бойынша сауна мен қонақүйлерге апарған. Осылайша, әр клиенттен пайыздық үлесін алып отырған. Қылмыстық "бизнеске" қатысқандардың бәрі ұсталып, жауап алынды.

Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әділбековтың айтуынша, негізгі айыпталушы - 1988 жылы туған қала тұрғыны. Ол қыздардың қажетті жерге баруын ұйымдастырған. Ол әр "сеанс" үшін жезөкшелерден 10 мың теңге мөлшерінде өз үлесін алған.

Реклама
Реклама

Монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 1990 жылы туған әйел де ұсталды. Қыздар оған 12 мың теңге көлемінде "алым" төлеген. Оның іс-әрекетінде де жеңгетайлық белгілері бар деп танылды. Жалпы 21 мен 24 жас аралығындағы қыздар бір клиенттен 18 мың теңгені өзіне қалдырып отырған.

"Дерек ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі ("Алдын ала келісім арқылы бірнеше рет адамдар тобымен жасалған жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысатын жезөкшелер үйін ұйымдастыру немесе ұстау") бойынша соталды тергеу кезінде материалдарға қоса тіркелген дәлелдемелер базасымен тіркеледі. Қылмыстық іске жүргізушілер де қатысқан, олардың міндеттеріне қыздарды жұмыс орнына жеткізу кірген. Қазіргі уақытта М. есімді ер адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша басқа айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр", - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сонымен қатар, полиция қыздардың бәрі арнайы есепке алынғанын хабарлады. Бизнесті ұйымдастырушылар мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram