Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетелдік қыздар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетелдік қыздар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды "Заңсыз келуші" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтаған.

"Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақүйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа қоғамдық орындарда рейдтер жүргізілді. Осылайша, қонақүй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында 7 өзбекстандық бикеш бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылады. Алдағы уақытта көші-қон заңнамасын бұзғандар үшін жауапкершілікке тартау, соттау және Қазақстаннан шығару қарастырылады", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная