ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2021 | 19:11
Алматыда жүргізуші "Сергек" камераларын алдамақ болған
Алматыда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі "Сергек" камераларын алдамақ болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі "Сергек" камераларын алдамақ болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
35 жастағы азамат жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жазадан жалтару мақсатында көліктің алдыңғы нөмірін аударып жүрген.
"Сергек" автоматтандырылған жүйесіне мониторинг жүргізу кезінде алдыңғы нөміріне нөмір аударатын механикалық жабдық орнатқан жол қозғалысы ережелерін бұзушы анықталды. Бейнекамераларға жақындаған кезде жол талғамайтын көліктің жүргізушісі көлік құралын басқару пульті арқылы құрылғыға сигнал жіберіп, мемлекеттік нөмірді жасырып отырған. Ол өз көлігінің мемлекеттік нөмірін жасыру арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзды, демек ол жол қозғалысының басқа қатысушыларына қасақана қауіп төндірді. Бұл жерде ешқандай сылтау болуы мүмкін емес. Ауыстырылатын нөмірі бар құқық бұзушы ұсталып, әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершлікке тартылды. Ол бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ оған 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді", - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Өткен жылы осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін 3 192 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылғаны атап өтілді. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгіні жасыруға арналған әртүрлі қондырғылар мен жалған нөмірлерді орнату жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу саналады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также