21 ақпан 2020 | 12:06

Алматыда жүргізушілер кезекке таласып, бірі пышақ ала жүгірген

Видеодан алынған кадрлар

Алматыда Әуезов ауданындағы жанар-жағармай құю станциялардың бірінде болған жанжал видеоға түсіп қалған. Онда жүргізушілердің бірі екіншісіне пышақ ала жүгірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Әуезов ауданындағы жанар-жағармай құю станциялардың бірінде болған жанжал видеоға түсіп қалған. Онда жүргізушілердің бірі екіншісіне пышақ ала жүгірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі Kris_p_Almaty парақшасында жарияланды. Басты агрессордың қолында пышаққа ұқсас зат бар.

Реклама
Реклама

"Жанармай құю бекеті Әуезов ауданында. 102-ге хабар түскен жоқ. Полицияға ешкім жүгінбеді, видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Тексеру іс-шаралары ұйымдастырылды. АЖҚС жүргізушілер кезекке таласып қалғанын айтты.

Олар бір-біріне арыз жазудан бас тартты, ешкім жарақат алған жоқ. Пышағы болған ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Жеке тексеру шаралары ұйымдастырылады", - деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная