Алматыда жымиған ер адам дәмхананың терезесінен пышақпен қаққан

viewings icon 416
comments icon 0
Видеодан кадо Видеодан кадо

Қолында пышағы бар ер адам алматылықтарды шошытты. Ол қаладағы танымал кафенің терезесінен қағып, жымиып тұрған. Куәгерлер мұны видеоға түсіріп, Желіге жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолында пышағы бар ер адам алматылықтарды шошытты. Ол қаладағы танымал кафенің терезесінен қағып, жымиып тұрған. Куәгерлер мұны видеоға түсіріп, Желіге жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоның астындағы жазбаға қарағанда, мас болған ер адам танысына шабуыл жасаған немесе жасағысы келген. Танысы өзін құтқару үшін жұмыс істеп тұрғын дәмханаға қашып кірген. 

Реклама
Реклама

"Мас ер адам досын пышақтайын деді! Досы Сейфулин көшесіндегі Navat-қа қашып кірді", - делінген видео астындағы жазбада.

Ролик кадрында ер адам дәмхананың терезесін қағып тұр және жымияды, қолында пышақ бар. Дәмхананың ішінен бір әйел терезе арқылы онымен сөйлесіп, кетуін сұрайды. Сондай-ақ біреуге қоңырау шалады.

Екінші видеода сол ер адам көрінеді, бірақ жерде жатыр. Қолына кісен тағылған немесе арқасына қарай айналдырып, жіппен оралған. Қасында форма киген ер адам тұр. 

Полиция әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная