Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен жедел тергеу тобы және прокуратураның соталды тергеу басқармасы Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруын тапты.

Алматының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылған.

Реклама
Реклама

"Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды. Бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен жоғалған", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама