09 наурыз 2022 | 12:26

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz/видео кадры

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында биыл 5-6 қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару-жарақ партиясы анықталған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленген.

Сондай-ақ, полицейлер оның 43 жастағы сыбайласын ұстаған, оны тінту барысында 19 пневматикалық қару мен оларға арналған оқ-дәрі, 10 пышақ, бір арбалет, алты оптикалық көзілдірік және үш оптикалық құрылғы тәркіленген.

Реклама
Реклама

"Дерек бойынша соталды тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Олардың сыбайластарын анықтау және ұстау шаралары жүргізіледі", - деп түйіндеді Оңал Бекиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная