ПОДЕЛИТЬСЯ
19 мамыр 2023 | 15:27
Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 25 адамға сот үкімі шықты
Алматыда қаңтар оқиғасының 25 қатысушысына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда қаңтар оқиғасының 25 қатысушысына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Істі Бостандық ауданының №2 аудандық соты қарады. Сот тергеуі барысында сотталушылардың 4-5 қаңтар аралығында қаланың әр жерінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны анықталды:
- тұрғын, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемдегі ұрлық жасаған;
- ірі залал келтіріп, автокөліктерді ұрлаған;
- қауiптi өндiрiстiк нысанның, сондай-ақ арнайы органдар күзетiп отырған басқа да нысандардың аумағына заңсыз кірген.
Бұл айтарлықтай шығынға және басқа да ауыр зардаптарға әкелгені атап өтілді.
"Сондай - ақ, олар алдын ала сөз байласу арқылы атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлап әкеткені, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жердегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір топ адам болып алдын ала сөз байласу арқылы билік өкілдерінің денсаулығына зиян келтіргені, мүлкін бүлдіріп, жойғаны анықталды", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз өкілдері.
Жаза тағайындау кезінде келесі факторлар ескерілген:
- сотталушылардың кінәсін толық және ішінара мойындау;
- соттылығы жоқ;
- жасы;
- құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлық;
- кәмелетке толмаған балаларының болуы;
- қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі;
- төтенше жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасау.
Сот үкімі бойынша, 20 айыпталушы рақымшылық заңын қолдану арқылы 9 айдан 1 жыл 9 айға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырылған.
Рақымшылық заңының қолданылуына байланысты тағы төртеуі жазадан босатылды.
Бір адамға қатысты қылмыстық іс қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также