ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2020 | 10:39
Алматыда карантин кезінде тұрғын үйлердің бірінде жұмыс істеген казино әшкере болды
Алматыда карантин кезінде "Нұрлы Тау" тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген казино әшкере болды. Бұл туралы Қаржылық бақылау комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда карантин кезінде "Нұрлы Тау" тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген казино әшкере болды. Бұл туралы Қаржылық бақылау комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Казиноның 4 мамырда операция барысында анықталғаны айтылады.
"Нұрлы Тау" тұрғын үй кешендерінің бірінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында заң бұзған астыртын казино әшкере болды. Тінту кезінде пәтерде клиенттер мен казиноның қызметкерлері болған. Барлық зат тәркіленді, ақша да тәркіленді", - деді Қаржылық бақылау комитетіндегілер.
Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша ("Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") сотқа дейінгі өндіріс басталғанын айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также