Алматыда қарттардың сеніміне кіріп, өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда қарттардың сеніміне кіріп, өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған күдікті ұсталды © instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда қарттардың сеніміне кіріп, ақшасын жымқырған 1984 жылы туған әйелді ұсталды. Ол әлеуметтік қызметкер болып танысқан. Бұл туралы қалалық ПД басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушілер күдікті өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырғанын айтты. Сосын жәрдемақы беремін деген желеумен қарттардан ақшасын айырбастап беруді өтінген. Олар бөлмеден шыққан кезде әйел ақшаны ұрлап кеткен.

Бір жағдайда зейнеткер асүйге бет алғанда күдікті оның бір миллион теңгесін алып кеткен. Зардап шеккендер әртүрлі мөлшердегі зиян шеккенін айтқан.

Жарнама
Жарнама

Күдікті ұсталған кезде полиция екі бірдей эпизодты анықтаған: 1929 және 1930 жылы туған зейнеткерлер әйелдің кім екенін таныған.

Ұсталған әйелге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу барысы мен нәтижесі Алматы қалалық полиция департаментінде бақылауға алынған.

Полиция фотода көрсетілген әйелдің қылмыстық әрекетінен зардап шеккендерді мына телефондар арқылы хабарлауды сұрайды: 8 708 707 92 02; 8 705 555 77 63 және 8 775 719 27 27.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама