14 шілде 2022 | 11:18

Алматыда қару асынып, тұрғындарды шошытқан ер адам қалай жазалануы мүмкін?

© ktk.kz

Алматыдағы Дарабоз ықшамауданы тұрғындарын шошытқан атқышқа қандай жаза кесілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Дарабоз ықшамауданы тұрғындарын шошытқан атқышқа қандай жаза кесілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурорлардың айтуынша, ер адамның әрекеті ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған. Күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бұзақылық бабы бойынша тергеліп жатыр.

"Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтың қаруы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде танылды. Қазір ол сақтау камерасына тапсырылды.

Ұсталғанның әрекеті бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу ретінде сараланады", - деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 10 шілде түнде Дарабоз ықшамауданындағы көпқабатты үй кіреберісінен қарулы алматылық шығып, жергілікті тұрғындарды шошытқан еді. Полиция оны залалсыздандырғанша екі рет оқ атқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная