11 ақпан 2022 23:15

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген үш адам ұсталды

© polisia.kz

Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды. Олардан бес мылтық тәркіленді.

"Екі күдікті - Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары. Айтпақшы, ол бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Реклама
Реклама

Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілгені айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram