31 қаңтар 2022 | 20:07

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған адам ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкері "Анна" қару-жарақ дүкенін тонаған Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция қызметкері "Анна" қару-жарақ дүкенін тонаған Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталған азамат бұрын да тонауға қатысқаны үшін сотталған. 5 қаңтарда ол дүкен тонауға қатысқан. Күдікті ВАЗ-2114 көлігін жүргізген. Көлікке дүкен есіктеріне орнатылған торды бұзу үшін арқан байланған.

Реклама
Реклама

"Осы заңсыз әрекеттер нәтижесінде күдікті екі тегіс ұңғылы және екі ойық мылтықты алып кеткен. Қазір оның жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуылдарға қатысы тексеріліп жатыр. Сол күні қалада бір мезгілде жеті қару дүкені тоналып, нәтижесінде қылмыскерлер 1347 қару-жарақ, оның ішінде 501 - ойық, 807 - тегіс ұңғылы және 39  газ травматикалық қаруын, оқ-дәрілерді әкеткен", - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктінің үйінен қару тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, белгісіз біреулер оның көлігіне мініп, бұйрық берген. Қару-жарақ дүкені 5 қаңтарда тоналды.

Дүкен қызметкерінің айтуынша, қылмыскерлер есікті бұза алмаған және автокөлік көмегімен бұзған. Олар дүкеннен киім, аяқкиім, бәрін алып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная