ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2022 | 09:38
Алматыда қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағандардың бірі ұсталды
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен қару ұрлаған кәсіпорын күзетшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен қару ұрлаған кәсіпорын күзетшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.
Қару ұрлаған азамат Алматы облысының 42 жастағы тумасы, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы үшін бұрын сотты болған. Ол тұрғылықты жері бойынша Түрксіб ауданында ұсталды.
Тінту кезінде 300 мм және 5,6 мм калибрлі екі мылтықты карабин, сонымен қатар, 410 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді.
"Тергеу барысында ұсталған азамат осы заттардың барлығын 5 қаңтарда ауданымызда орналасқан қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде ұрлағаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также