Алматыда қасақана қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ұсталды. Ол кешірім сұрады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда қасақана қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қасақана қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Горный көшесіндегі заңбұзушылықтың видеосын куәгерлер әлеуметтік желіде жариялады. Оған полиция да назар аударып, видеоны Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-да бөлісті.

Реклама
Реклама

Көп ұзамай Toyota Camry автокөлігін жүргізген жүргізушісінің жеке басы анықталды. Ол 2002 жылы туған жас жігіт болып шықты.

"Оның іс-әрекетінде ҚР ҚК 230-бабы, 2, 601-б., 2, 595-Б., 1 және 596-Б., 3-б. көзделген ҚР ЖҚЕ бірден бірнеше өрескел бұзушылық белгілері анықталды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналып, сотқа қарау үшін жіберіледі", - деп жазды Алматы ПД бастығының орынбасары.

Ұсталған адам басқа жүргізушілерге қауіп төндіргені үшін, қала тұрғындарынан көпшілік алдында кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама