09 маусым 2022 | 06:58

Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© instagram/rustam.abdrakhmanov

Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Топ 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастардан тұрған. Күдіктілер соңғы рет 5 маусымда Алматының Медеу ауданында ұрлық жасаған.

Күдіктілер тұрғын үй ауласындағы "Тойота Прадо" автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 5 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды.

Реклама
Реклама

Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 қылмыс жасауға қатысы бар екені дәлелденді.

Ұрланған бөлшектерді қабылдап, сатып алып отырған ер адам да анықталды және ұсталды.

"Ол көліктердің катализаторларын бөлшектелген күйінде алғанын, содан кейін металдың құрамы мен құнын анықтайтын арнайы анализатор арқылы бағалау жүргізілгенін айтты. Содан кейін катализаторларды тапсырған адамға акт толтырылды. Заттар одан әрі зауытқа сату үшін дайындалды. Бүгінде жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная