Алматыда қайырымдылық жәшігіндегі ақшаны ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

Алматыда ер адам қайырымдылыққа арналған қорапты ашып, сол жерден ақшаны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ер адам қайырымдылыққа арналған қорапты ашып, сол жерден ақшаны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы ауданының полициясы анықтағандай, ол қаланың түрлі мешіттерінде жүрген.

"Күдікті 1990 жылы туған Ж.есімді ер адам ізін суытпай ұсталды. Арызды алғаннан кейін біз арнайы тергеу-жедел тобын құрып, оңай ақшаның әуесқойын анықтадық. Оның соңғы заңсыз әрекеті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған. Ол мешітке кіріп, қолдан жасалған құралдармен қорапты ашып, онда ерікті қайырымдылық ретінде дінге сенушілерден алынған 290 мың теңгені ұрлап, қылмыс болған жерден қашып кеткен. Ұсталған адамның айтуынша, ол қылмысты қиын қаржылық жағдайға байланысты жасаған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Мейірхан Жаңабаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама