ПОДЕЛИТЬСЯ
27 сәуір 2020 | 17:39
Алматыда казино әшкере болған сәт түсірілген видео жарияланды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі карантин режимі уақытында жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесін әшкерелеген сәттің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі карантин режимі уақытында жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесін әшкерелеген сәттің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Операция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып өткізілгені хабарланды.
"Аталған жедел іздестіру іс-шарасы 2020 жылдың 24-25 сәуіріне қараған түні өткізілді, нәтижесінде ведомство қызметкерлері қала орталығында орналасқан әкімшілік ғимаратта келушілер мен оның қызметкерлері арасынан құмар ойындарға қатысқан 30-дан астам адамды ұстады", - делінген хабарламада.
Ақпарат бойынша, құмар ойындары өтетін орынға кіру үшін арнайы өткізу жүйесі әрекет еткен, ол бойынша ішке тек тұрақты келушілер ғана кіре алатын болған.
"Аумағы 1000 шаршы метрден асатын казиноның ішінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында покер мен америкалық рулеткаларға арналған 6 үстел, көптеген ойын карталары мен фишкалар, сондай-ақ заңсыз әрекеттен түскен бір күндік ірі мөлшердегі ақшалай қаражат алынды", - делінген хабарламада.
Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру дерегіне сәйкес ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Жасырын казиноға" қатысқан адамдардың барлығына қатысты төтенше жағдай режимін бұзу дерегі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также