Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан ер адам ұсталды

Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, жақында түрмеден шыққан 35 жастағы күдікті тәуліктің қараңғы мезгілінде тұрақта тұрған көліктердің айналарын шешіп алып жүрген.

"Ұсталған ер адам ұрлықпен жалғыз айналысқан, қылмыстық жолмен алынған айналарды одан әрі сату мақсатында жасырған. Қазіргі уақытта біздің ауданда ғана ол жасаған бес эпизод анықталды. Қазір оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу жүріп жатыр", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

Реклама
Реклама


© Алматы қалалық полиция департаменті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама