15 ақпан 2022 08:56

Алматыда көлік әйнегін сындырған ер адам ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© polisia.kz

Алматыда полицейлер көлік әйнегін сындырып, зат ұрлаған ер адамды ұстады. Оның заңсыз әрекеттері тұрғын үй кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бұл жайт әлеуметтік желілерде жарияланды. Ол кезде полицияға ресми өтініштер түспеді. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жедел іс-шаралар өткізу барысында тағы алты жәбірленуші анықталды, олардың көлігі де осындай схема бойынша тоналған. 1996 жылы туған күдікті Б. ұсталды. Тергеуде ол тек екі ұрлық жасағанын мойындады. Ал оның айғақтары қаншалықты шынайы екенін одан ары тергеу көрсетеді", - деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Оның айтуынша, ер адамды көліктерге орнатылған видеокамералар қызықтырған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram