ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2020 | 16:11
Алматыда көлік фарасын жуып жүрген 24 жасөспірім ұсталды
Алматы жолдарында көлік фарасын жуып жүрген 24 жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы жолдарында көлік фарасын жуып жүрген 24 жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ювенал полиция қызметкерлері қала көшелерінде көліктердің фарасын сүртіп, оны жуумен айналысатын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша профилактика жұмысын жүргізген. Нәтижесінде тамыздың басынан 24 дерек анықталған.
"Көлік жуумен айналысқан 16 жастағы екі жасөспірім анықталды. Олар құқықбұзушылықтың субъектісі болып саналады. Сондықтан олар жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жасөспірімдерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу үшін балалар және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оларға ескерту жасалды. Егер ата-аналар талапты орындамаса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жасөспірімдер арасында қайта заң бұзу деректері тіркелген жоқ", - дейді Жергілікті полиция басқармасының басшысы Манап Саттаров.
Полицияның мәліметінше, заң бұзған жасөспірімдердің ата-анасы балаларының не істеп жүргенін білмеген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также