03 тамыз 2022 10:02

Алматыда көлік ұрылары ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер Түркістан облысының 32 жастағы тумасы мен оның сыбайласы 40 жастағы ер адам төрт көлік ұрлау дерегіне қатысқанын анықтады.

"Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын бөлімше қызметкерлері Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізді. Қаланың Медеу ауданында қаскөйлер төрт көлікті ұрлап кеткені анықталды. Қазірдің өзінде үш көлік табылып, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Төртінші көлік Toyota Vista әлі табылған жоқ. Ұсталғандардың бірі ұрланған көліктегі аккумуляторды металл қабылдау орнына тапсырып жатқаны түсірілген видео арқылы аккумуляторды тәркіледік", - дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Реклама
Реклама

Қазір полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Айыпталушылар қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram