20 қараша 2021 | 14:36

Алматыда көлік ұрысы қолға түсті

Алматыда көлік ұрысы қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік ұрысы қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам 31 жаста.

"Біздің бөлімшенің кезекші бөліміне Toyota Camry көлігінің ұрланғаны туралы арыз түсті. Қаланың бейнебақылау жүйелері арқылы күдіктінің жүріп өткен жолын анықтауға мүмкіндік туды. Жарияланған "Ұстау" жедел жоспарының нәтижесінде оның жолы кесілді: көлікті ұрлаған адам ұсталды. Ол өз ісін мойындады.

Ұсталған ер адам бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Реклама
Реклама

Спикердің айтуынша, көлік ұрлығы алдыңғы есікті бұрағышпен ашу арқылы жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram