29 қазан 2022 | 16:05

Алматыда көлікжуушы Lexus көлігін ұрлап, зираттағы қоршауларды бұзып кеткен

Polisia.kz

Алматыда көлік жуу орнының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап, зираттағы қоршауларды бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда көлік жуу орнының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап, зираттағы қоршауларды бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстаннан келген 28 жастағы ер адам мас күйінде көлік жуу орнынан Lexus LX 570 автокөлігін ұрлап кеткен, кейін ол қаланы аралаған.

"Қаланы білмей, ол зиратқа кіріп кетіп, рөлді басқара алмай, бейіт қоршауларын бұзды. Ешкім зардап шекпеді, бейіттердің өзі де бүлінбеген. Мұны зират күзетшісі байқап, оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған. Бірінші болып учаскелік инспекторлар келді. Олар қашып кетпек болған қоғамдық тәртіпті бұзушыны дер кезінде ұстады. Ер адам мас күйде болған, бұл мән-жайдың жауапкершілігін ауырлатады. Көлік иесі жол талғамайтын көлігін бамперді бояу үшін техникалық қызмет көрсету орталығына қалдырған, сырлаушылар көлікті жууды ұйғарып, жақын маңдағы көлік жуу орнына айдап барған. Сол жерден көлік жуушы К.есімді ер адам көліктің кілтін алған. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша соталды тергеу басталды. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 6-бөлігі (Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша әкімшілік іс материалдары жиналды", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная