ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2022 | 14:15
Алматыда көліктен ұрлық жасағандар ұсталды
Алматы полициясы көліктен ұрлық жасағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полициясы көліктен ұрлық жасағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, екі Алматы тұрғынының көліктерден жасалған ұрлықтың 20-дан аса дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді. 28 жастағы Г. есімді және Н. есімді ер адамдар көлік салонынан бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
Ұрлық дерегі бойынша жергілікті тұрғын арызданған.
Оның айтуынша, белгісіз біреулер Volkswagen Touareg көлігіне әйнекті сындыру арқылы кіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 миллион теңге.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында біздің бөлімше қызметкерлері ұрланған заттарды сатып алушылардың және қаскөйдің ізіне түсті. Күдіктілердің ауданымызда - 10, қалада 20-дан аса қылмыс жасағаны анықталды. Ұстау кезінде олардан, ұрланған қару тәркіленді", - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Екі күдікті де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ұсталғандар ұрлық жасағандарын мойындаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также