24 сәуір 2021 14:41

Алматыда көпқабатты үйдің күзетшісіне оқ атылды

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрғын үй кешенінің күзетшісі ("Бұхар Жырау Тауэрс") мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы, алдын-ала мәлімет бойынша, аңшылық мылтықтан жараланды. Ол ауруханаға түсті", - деді қалалық полиция өкілдері.

Оқиға болған жерге полицейлер барды, күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылданды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram