ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2020 | 09:14
Алматыда көшедегілерге пышақ ала жүгірген ер адам видеоға түсіп қалды
Алматыда ер адам дүкен сатушысы мен кездейсоқ адамдарға пышақ ала жүгірген. Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда ер адам дүкен сатушысы мен кездейсоқ адамдарға пышақ ала жүгірген. Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 8 қаңтарда Әуезов ауданында, нақтырақ айтсақ, Достық ықшамауданында орналасқан базарда болған. Полиция хабарламасы бойынша, азиялық түр-кескіндегі 25-30 жас шамасындағы ер адам дүкен сатушысы мен кездейсоқ жүргіншіге пышақ ала жүгірген.
"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды, ол 2011 жылдан бері "Параноид шизофрениясы" диагнозымен психиатрлық диспансер есебінде тұрғаны анықталды. Жедел медициналық көмек бригадасы ер адамды Алматыдағы "Психикалық денсаулық орталығына" жеткізіп, сонда жатқызды", - делінген Алматы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Осы дерек соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көрсеткілген қылмыс белгілері бойынша тіркелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Конфликт произошёл между клиентом и продавцом, что пошло не так и продавец в бешенстве вытащил нож далее ударил им в область живота
Публикация от ????????Twitter 2019 (@twitter_kz) 8 Янв 2020 в 6:53 PST
Показать комментарии
Читайте также