28 қыркүйек 2021 11:06

Алматыда куәгерлер ұрыны қуған полиция көлігін видеоға түсіріп алды

Дина Шарипханова Корреспондент

Әлеуметтік желілерде көлік ұрлаған ер адамды қуып бара жатқан алматылық полицейлердің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде көлік ұрлаған ер адамды қуып бара жатқан алматылық полицейлердің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат бесте болған.

Реклама
Реклама

"Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері назарына "күмәнді көлік" түскен. Жүргізуші тоқтау туралы талапты елемеді. Полиция қызметкерлері көлікті қууға мәжбүр болды. Жылдамдықты асырған жүргізуші тізгінге ие бола алмай, Үлкен Алматы айналма жолында ілеспе бағытта келе жатқан көліктермен соқтығысты.

Қауіпсіздік жастығы ашылғанда жүргізуші есінен танып, аяғы педальді басып қалған. Полицейлер автокөлікті ашып, ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысты. Әйнекті сындырып, көлікті тоқтатып үлгерді", - дейді полицейлер.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ұсталған ер адам Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бұл факт ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі ("Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену") бойынша тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр", - деп қорытындылады ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram