ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2018 | 13:36
Алматыда күндізгі уақытта пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Таяуда Алмалы аудандық полиция басқармасы мен криминалды полиция басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ мамандарымен қала аумағында үй тоноаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Криминалды полиция басқармасы мамандарының мәліметінше, ұрылар ұсталғанға дейін бірнеше минут бұрын "Жұлдыз" ықшамауданында бір үйді тонап кеткен.
Оқиға орнынан қашпақшы болған ұрылардың автокөлігін Алатау ауданында тоқтатты. Аң терісінен жасалған ішіктерді қылмыстық долмен иемденген ұрылардың көлігінен тәркіленді.
Тергеудің осы уақытында фигуранттардың Шығыс Қазақстан облысының 25-29 жас аралығындағы тұрғындары екені анықталды. Олар Алмалы, Бостандық және Түрксіб аудандарында кем дегенде төрт пәтерді тонау дерегі бойынша қатысы бары белгілі болды. Олар тек күндіз жұмыс істеген.
Ұсталғандар қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға бар-жоғы анықталып жатыр Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Сурет Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен
Показать комментарии
Читайте также