ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2022 | 12:56
Алматыда құны 50 миллион теңге болатын кабель өнімдері ұрланған
Алматыда кәсіпорын қызметкерлері құны 50 миллион теңгелік кабель өнімдерін ұрлаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда кәсіпорын қызметкерлері құны 50 миллион теңгелік кабель өнімдерін ұрлаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу бойынша, оны байланыс кәсіпорындарының бірінің 14 қызметкері бірнеше рет ұрлаған. Олар сотталған. Компания өкілінің айтуынша, қала аумағында кабель өнімдерін ұрлау үш жылдан бері тіркеліп келеді. Жалпы материалдық шығын – 50 миллион теңгеден асты.
Түрксіб аудандық ПБ-на ресми арыз берілген. Тергеу іс-шаралары нәтижесінде кәсіпорынның 14 қызметкерінің қатысы анықталды, олар кабельдердің, тізбектердің және дабыл қорғанысының орналасқан жерін біле отырып, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылы қаңтардың аяғына дейін мүлікті ұрлауды ұйымдастырған.
"Алматы полициясының басшылығына, Түрксіб аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлері, атап айтқанда тергеуші Әнуар Шәріповтің, жедел уәкіл Жасұлан Асылхановтың және Түрксіб аудандық ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Айдарбек Керімбековтің кәсіби және адами қасиеттерін хабарлауды азаматтық борышым деп білемін. Олардың кәсіпқойлығының арқасында ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағына ("Ұрлық, яғни алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының аса ірі көлемде мүлікті жымқыруы") сәйкес қозғалған қылмыстық іс аяқталды. Кінәлілер өзіне лайықты жазасын алды. Қоластындағыларыңыздың арасында осындай қызметкерлердің көп болуын шын жүректен тілейміз", – деді "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасының уәкілетті өкілі Ш.Раздықов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также