14 маусым 2023 11:02

Алматыда курьерден ұрланған тапанша мен оқтар табылды

Фото:polisia.kz

Алматыда полицейлер курьерден оқтар мен тапанша тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер курьерден оқтар мен тапанша тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

44 жастағы ер адамнан тапанша мен 17 оқ тәркіленген. Мопедке мінген екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы полиция экологиялық бекетінде тәртіп сақшылары тоқтатқан.

Фото: Polisia.kz

Реклама
Реклама

"44 және 41жастағы азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру барысында Grand Power тапаншасымен әртүрлі 17 оқ тәркіленді. Алдын ала тексеру барысында аталған қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек қарудың ұрланғандығы да белгілі болды. Аталған дерек соталды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-тармағы бойынша тіркелді. Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс барысында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram