08 қараша 2022 | 08:39

Алматыда күйеуінен қорлық көрген әйел әділдік іздейді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы тұрғыны Ирина Веденяпина күйеуінен көрген қатыгездік туралы мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, жұбайы бес жасар қызының көзінше пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Ирина Веденяпина күйеуінен көрген қатыгездік туралы мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, жұбайы бес жасар қызының көзінше пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ирина Веденяпина желідегі парақшасында биыл 21 мамырда Алматы қаласында болған қанды оқиға туралы жазған. Жазбаға қарағанда күйеуі түн ішінде тұншықтырып, бірнеше жерден пышақ салған. Қансыраған әйелге жедел жәрдем шақырып, өзі пәтерден ізін суытқан.

"Бүгін мен барлық қорқынышымды артқа тастап 2022 жылдың 21 мамырында таңғы сағат 5.30-да қызым екеуміз көрген барлық сұмдық туралы айтуға бел будым. Қызым екеуміз бір бөлмеде, бір төсекте ұйықтадық, күйеуім залда ұйықтады. Күйеуімнің мені пышақтайын деп жатқан жерінен ояндым, бір қолымен ол менің аузымды басып, екінші қолымен мойныма пышақ сұға бастады. Қарсылық білдіріп, айқайлауға тырыстым, қолын аузынан алып тастауға әлім келмеді, дірілдедім. Бір уақытта біз еденге құладық. Мен айналамдағы барлық нәрсені ұстадым, бірақ ол мені жібермеді. Аузымнан мықтап ұстап алып, пышақпен соққылай берді", - деп жазды Ирина.

Реклама
Реклама

Ирина күйеуі адам өлтіруге оқталғанымен, оған денеге ауыр жарақат салу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

Алматы қалалық ПД аталған қанды оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Күдікті - 1993 жылы туған В.есімді азамат дереу ұсталды және ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабымен сараланған. 2022 жылдың 19 қыркүйегінде ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына жіберілді", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная