03 ақпан 2022 | 15:13

Алматыда қылмыстық топ мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видео кадры

Алматыда қылмыстық топ бақылаудағы компаниялар арқылы ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қылмыстық топ бақылаудағы компаниялар арқылы ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматыда материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан, құрамында жеті адам бар қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

"Бұл тұлғалар 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асатын 4 коммерциялық компания арқылы салық төлеуден жалтару бойынша көмектесті. Сондай-ақ, айыпталушылар тұрғылықты жерінде салмағы 849 грамм болатын тыйым салынған "марихуана" есірткісін өсіргені анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 216-бабы 3-бөлігі "Іс жүзінде жұмысты орындамай шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау" бойынша кінәлі деп танылып, оларға 3 жылдан 4,8 жылға дейін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматы полициясы тыйым салынған есірткі заттарына қатысты істі тергейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная