11 маусым 2021 11:09

Алматыда қылмыстық топ мемлекетке 8 миллиард теңге шығын келтірген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Алматыда мемлекет бюджетіне 8 миллиард теңгеден аса шығын келтірген қылмыстық топ сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мемлекет бюджетіне 8 миллиард теңгеден аса шығын келтірген қылмыстық топ сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды шығарумен айналысқан құрамында жеті адам бар қылмыстық топты құрықтады.

"Үш жыл ішінде ҰҚТ 19 компанияның есепшотын пайдаланып, коммерциялық ұйымдарға сегіз миллиард теңгеден аса сомаға салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткен. Қылмыстық топтың төрт ұйымдастырушысы 6,5 жылға, үш қатысушы 3 жылдан 4 жыл 8 айға дейінгі мерзімге шартты түрде сотталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың 200 миллион теңгеден аса сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram