15 мамыр 2020 | 16:06

Алматыда қызды жерасты өткелінде зорлады деген күдікті ұсталды

Алматыда қызды жерасты өткелінде зорлады деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қызды жерасты өткелінде зорлады деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, алматылық қыз бір ай бұрын қорлық көрген. Түнде үйіне қайтіп келе жатқан кезде Райымбек даңғылында Яссауи көшесінің батысында оны белгісіз адам күзетіп тұрған.

Реклама
Реклама

"Қаскүнем қызды жерасты өткелінде байқап, оны құлатып, дене жарақатын жасап, оны адам аз жүретін жерге сүйреп апарып қорлады. Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жәбірленушінің айтуынша, шамамен суреттің эскизі жасалған. Қараңғыда қаскүнемнің бет-әлпетін байқап, оның мінез-құлық ерекшеліктерін есте сақтау мүмкін емес екені түсінікті. Бірақ қыз тергеуге осы қылмыстың ашылуында маңызды рөл атқаратын максималды ақпаратты ұсынды. Жақында күдікті ұсталды. Ол 39 жаста, Алматыда тұрақты жұмысы және тұрғылықты жері жоқ. Кездейсоқ пайда табумен күн көреді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, сол кезде ол мас болғанын айтады", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ер адам ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная