Алматыда мас жүргінші көлік қозғалысына кедергі жасаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматыда мас жүргінші көлік қозғалысына кедергі жасаған Видеодан алынған кадр

Куәгерлер Алматыдағы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында көлік қозғалысына кедергі келтірген мас адамды видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер Алматыдағы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында көлік қозғалысына кедергі келтірген мас адамды видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі krisp__almaty парақшасында жарияланды. Сондай-ақ, куәгерлер көлік жүргізушілерінің бірі мас адамды итеріп жіберіп, ол арыққа құлап кеткенін айтты. Полицейлер жүргізушіні де, бұзақыны да жауапқа тартты.

Реклама
Реклама

"28 жастағы П. жол апатын туғызғаны (ӘҚБтК-нің 615-бабы) және қоғамдық орынға мас күйде келгені үшін (ӘҚБтК-нің 440-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оны арыққа итеріп жіберген жүргізуші де анықталып, жауапқа тартылды. Қазіргі П.-ға келтірілген дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді полиция қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама