12 маусым 2020 12:38

Алматыда маска тағудан бас тартқан мас ер адам күзетшіге шабуылдаған

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде мас ер маска таққысы келмей, күзетшіге шабуылдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде мас ер маска таққысы келмей, күзетшіге шабуылдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға Silk Way City сауда орталығының кіреберісінде болған.

Реклама
Реклама

Видео кадрларынан мас ер адамның орталыққа келушілерге балағат сөздер айтып жатқаны көрінеді. Артынша күзетшіге шабуылдап, төбеелс шығарады.

Кейінірек ер адамның ұсталғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары одан жауап алған.

"Мас ер адамның төбелес шығару дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының полковнигі Есен Ысқақов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram