22 ақпан 2021 | 13:50

Алматыда массаж салонында жезөкшелер үйі болған

Видеодан алынған кадр

Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интим қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Мекемеде жұмыс істейтін қыздар массаж қызметінен бөлек өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интим қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Мекемеде жұмыс істейтін қыздар массаж қызметінен бөлек өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Әкімнің тұрғындармен кездесуінде аудан тұрғындары түнгі уақытта жұмыс істейтін жеке кеңсеге шағымданды. Жедел-алдын алу іс-шаралары барысында мекен-жайдағы массаж салоны тексерілді. Тұрғындардың күдіктері дәлелді болып шықты - мекемеде жезөкшелер үйі орналасқан, онда жеңіл жүрісті 11 қыз анықталды. Сондай-ақ, әкімшілік өкілдері мен жұмысшы персонал аудандық басқармаға жеткізілді.

Қыздар арасында көрші республикалардың әйелдері де "жұмыс істеді". Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматы, оның ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотталығы бар", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Реклама
Реклама

Барлық "жеңіл жүрісті" қызға әкімшілік жазалау хаттамасы жасалды. Интим қызметтерді ұсынуға мекемені жалға берген үй иесі де тексеріледі. Ол ҚР-ның заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная