23 желтоқсан 2022 | 11:38

Алматыда Mercedes-тің қымбат бөлшектерін ұрлау жиілеп кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда Mercedes бөлшектерін ұрлау деректері жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Mercedes бөлшектерін ұрлау деректері жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұрлық деректерінің бірі "Ақбұлақ" (Момышұлы – Рысқұлов) және Алғабас тұрғын үй кешенінде болған.

"Біздің ауданда екінші рет тонау болды. Алатау ауданы. Көлем өлшегішін, аккумуляторды шешіп алған, мына жерде компьютер болған. Бәрін алып кетті. Жүргізуші бірінші рет ұрланғанда, оны сатып алып қайта салған, енді бір аптада екінші рет тонап кетті. Көлем өлшегіштер - "Мерседестен" шешіп алуға болатын ең қымбат бөлшек. Бұл біздің ауданда бірінші рет емес. Қазірдің өзінде 4-5-жағдай. Полицейлер бір аптада екінші рет келді. Ештеңе істемейді, әрекет етпейді", - дейді ер адам тоналған Mercedes-ті видеоға түсіріп.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы Алатау аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Осыдан 3-4 күн бұрын Алатау өңірінде Mercedes көліктерінен көлем өлшегіштерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас үш эпизодқа қатыстылығы дәлелденді. Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысатын өзге де адамдарды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды", - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная