Алматыда оқ-дәрі жасырылған екі қойма табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon
918
comments icon
1
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда оқ-дәрі жасырылған екі орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда оқ-дәрі жасырылған екі орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Алматының Медеу ауданындағы Нүсіпбеков көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Калашников автоматының 5,45 калибрлі 20 оқ-дәрісі табылған. Екінші жер Алатау ауданынан табылған: құлаған ағаштың тамырына "Макаров" тапаншасының 40 оқ-дәрісі салынған полиэтилен пакеті жасырылған.

"Табылған оқ-дәрілер биыл қаңтардың басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. Екі дерек те ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша аумақтық Полиция басқармаларында соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқ-дәрілерді жасырған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жаты", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Реклама
Реклама

Сурет:Polisia.kz 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная