12 қараша 2020 | 10:50

Алматыда ойын-сауық орталығында қыздарға тиіскен ер адам сотталды

Алматыда ойын-сауық орталығындағы дәретханада қыздарға тиіскен ер адам 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ойын-сауық орталығындағы дәретханада қыздарға тиіскен ер адам 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотта ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша жас балаға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық жасады деген айып тағылды.

Реклама
Реклама

"Сот "Мега" ойын-сауық орталығында ер адамның 2012 жылғы қызға қатысты азғындық әрекеттер жасағанын анықтады. Ол зорлау әрекеттерін жасамаған, бірақ ұялы телефонындағы порнографиялық суреттерді көрсеткен. Қыздың соңынан жүріп, дәретханаға дейін кірген", - делінген хабарламада.

Осылайша, соттың үкімімен, ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды және 10 жыл педагогика қызметінде немесе кәмелетке толмағандармен қатысты жұмыс істеуге тыйым салынды.

Еске салайық, 2019 жылдың мамырнда MEGA Alma-Ata орталығында ер адамның екі қызға азғындық әрекеттер жасағаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная