21 ақпан 2022 | 09:26

Алматыда өзін "полицеймін" деп таныстырып, ақша тартып алумен айналысқан ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырып, тұрғындарды тонаған ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырып, тұрғындарды тонаған ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқ екі схема бойынша жұмыс істеген. Кейде жалға алған көлікпен жасөспірімдерді тоқтатып, заттарын көрсетуді талап етіп, түрлі сылтаумен ұялы телефондарын, ақшасын және басқа да бағалы заттарын алып кеткен.

Басқа жағдайда ол шағын дүкендерге кіріп, азық-түлік алып, келесі күні ақшасын әкелемін деп уәде беріп, ізін суытқан. Күндізгі уақытта жалға алған пәтерінде де ұрлық жасаған. Ол үй иелерінен пәтерде құнды нәрсе бар-жоғын сұрап алған. Келесі күні өзі де, бағалы заттар да пәтерде жоқ болады.

Реклама
Реклама

2001 жылы туған У. есімді азаматтың әрекеті бірден Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен сараланған. Қазір ол жеті алаяқтық, екі тонау және бір пәтерді тонау фактісі бойынша күдіктеліп отыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ұсталған азамат барлық қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарды жасағаны анықталып жатыр, дейді Полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

Полицейлер ер адамның әрекетінен зардап шеккендерден 254 49 02, 254 49 06, 254 49 21, 8 701 099 09 00 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная