ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2019 | 12:37
Алматыда пара алған мектеп директорына айыппұл салынды
Алматы қаласының "№98 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" КММ бұрынғы директоры пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының "№98 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" КММ бұрынғы директоры пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "№98 жалпы білім беретін мектеп гимназиясы" КММ бұрынғы директоры Д.А. Найзабековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол оқушыны "№181 жалпы білім беретін мектеп гимназия" КММ-нен №98 мектепке еш кедергісіз ауыстырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Алматы қаласы Медеу аудандық №2 аудандық сотының үкімімен Д. А. Найзабекова пара алғаны үшін сотталды және оған 1 миллион 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы да белгіленді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Білім басқармасы №49 орта мектептің бұрынғы директорына алаяқтық жасады деген айып тағылды.
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдікпен қалалық білім басқармасы №49 орта мектебінің бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол қала азаматынан математика мұғалімі ретінде мектепке жұмысқа орналасуына көмектесемін дегенді желеу етіп, алдау жолымен 500 мың теңге сомасында ақша алды деп күдіктеледі, ал ол іс жүзінде сол кезеңде мектеп директоры болып табылмаған және осы мәселені шешуге уәкілеттілігі де болмаған.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
Показать комментарии
Читайте также