ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2019 | 17:39
Алматыда парақор судья сотталды
Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Әбілқайыр мен сол соттың хатшысы Рақышовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Әбілқайыр жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауы үшін делдал Рақышов арқылы алдын-ала келісілген 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын пара ретінде алды деген күдікке ілінген.
Бұл факт сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықталғаны айтылады.
Биылғы 8 қарашада Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Әбілқайырға 45 459 600 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.
Осы үкіммен Рақышовқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.
Показать комментарии
Читайте также