03 қыркүйек 2020 13:24

Алматыда PariMatch бас директорына қатысты сот үкімі шықты

фото: gorvesti.ru

Қазақстандағы ең ірі букмекерлік кеңселердің бірі PariMatch бас директоры Володимир Кочерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ең ірі букмекерлік кеңселердің бірі PariMatch бас директоры Володимир Кочерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкім Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында айтылды. Судья Кәмшат Саурова бас директорды Қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-бөлігі ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") бойынша айыпты деп таныды және 500 АЕК айыппұл салу туралы  үкім шығарды - бұл 1,2 миллион теңгеден сәл асады.

Реклама
Реклама

"Құжатта мүлікті тәркілеу туралы көрсетілмеген. Осыған байланысты мынаны атап өту қажет: қылмыстық қудалау органы сотталушыдан қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік бар-жоғын анықтаған, сондықтан сот сотталушының мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындамайды", - делінген сот қаулысында.

PariMatch - штаб-пәтері Кипрде орналасқан және бірнеше елде өкілдіктері бар ірі корпорация. Бұл бизнестің негізін қалаушы - украиналық Володимир Кочерга.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі мәселелері бойынша түзетулерге қол қойған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram