Алматыда пәтер тонап, көлік ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Алматыда пәтер тонап, көлік ұрлаған қылмыстық топ ұсталды © tv-express.ru

Алматы ?алалы? ІІД ?кілдері Алматы облысында ?ш ер адамны? т?р?ындарды ?алай тонап келгендерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық ІІД өкілдері Алматы облысында үш ер адамның тұрғындарды қалай тонап келгендерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық топта Жамбыл мен Алматы облыстарының үш тұрғыны болған. Олардың екеуі осыған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

"Бұл ер адамдар көбіне тұрғындардың көліктерін ұрлап кетіп жүрген. Соңғы рет 4 пәтерді тонап және 4 рет бөтен біреудің көлік құралын иемденіп алған. Тонаушылар бастапқыда пәтерлерді тонау кезінде көліктердің екінші кілттерін тауып алып, кейіннен бірнеше күннен сол үйдің иелерінің көліктерін ұрлап кетіп жүрген. Сонымен қатар, олар бағалы заттар мен сандық техникаларды тонаумен айналысқан", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Полиция мәліметінше, ұсталғандар қамауға алынды. Олардың аты-жөндері мен осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама