ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ақпан 2020 | 11:56
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды
Алматыда пәтер ұрлығымен айналысатын топ ұсталды. Қылмыстық топты ұстау үшін ұйымдастырылған операцияда полиция қызметкерлері арнайы жасақ көмегіне жүгінген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда пәтер ұрлығымен айналысатын топ ұсталды. Қылмыстық топты ұстау үшін ұйымдастырылған операцияда полиция қызметкерлері арнайы жасақ көмегіне жүгінген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Пәтер тонаушылар Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйлердің бірінде болған ұрлықтан кейін ұсталған.
"Олар пәтерден 43 мың доллар ақшаны, сондай-ақ алтын әшекейлерін ұрлап кеткен. Бұл заттай айғақтар күдіктілерден ұсталған кезде табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру шараларының осы кезеңінде қылмыстық топтың пәтер ұрлауының кем дегенде үш дерегіне қатысы бар екені анықталды. Топ құрамы үш адамнан тұрады: 1992 жылғы, 1990 жылғы және 1991 жылғы адамдар. Ұсталғандардың біреуі бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа қылмыстық эпизодтарын анықтау бойынша бірқатар шара қабылданып жатыр", - дейді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Берік Әбілбековтің айтуынша, пәтер ұрылары негізінен тұрғындарды пәтерлері қараусыз қалған кезде аңдыған. Бұл әдісті осы қылмыстық топ мүшелері де қолданған. Олар, көбіне қымбат есіктері бар бағалы пәтерлерге кірген.
"Бұрын біз қылмыс құрамындағы өзгенің мүлкін ұрлау үлесі 70 пайызды құрайтындығы туралы хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты криминалдық полиция қызметкерлерінің 70 пайызы мүліктік қылмыстардың ашылуына және алдын-алуға бағытталған. Ұрлық фактілерін уақытында ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, өндірісте жаңа технологиялардың мүмкіндіктері де қолданылады", - деді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Показать комментарии
Читайте также