13 желтоқсан 2022 | 14:02

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Алматыда пәтер ұрылары қылмыс үстінде ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда пәтер ұрылары қылмыс үстінде ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Құлыптар, ноутбуктар, кілттер - мұның бәрі сериялық пәтер ұрыларынан тәркіленген. Наурызбай ауданы полицейлерінің мәліметінше, 4 адамнан құралған топ қалада кемінде 5 ұрлық жасаған.

"Қылмыстық төрттікте барлық рөл алдын ала бөлінген. Үш орындаушы: біреуі сыртта тұрды, екеуі бөтен біреулердің пәтерінде иелік етіп жүрді. Ең үлкені - Қостанай облысының тумасы, 53 жастағы Г. есімді ер адам, қылмыстық топтың қалған мүшелері - 30 жаста, 34 жаста және 41 жаста. Олар да басқа жақтан келгендер", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыс жасау тізбегі стандартты болған. Олар кіреберіске кіріп, есік қоңырауын басқан, егер ешкім ашпаса, олар кіреберіс есіктің құлпын ашқан.

"Есік құлыптарын ашу үшін қаскөйлерде арнайы құрылғылар болды: әртүрлі өлшемдегі кілттер, имитаторлар. Мұның бәрі қораптарға салынған. Сырттағылармен байланысу үшін екі түймелі телефон болды. Қазіргі уақытта күдіктілердің қаланың әртүрлі ауданында орын алған 5 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Соңғы дерек Шұғыла шағынауданындағы үйлердің бірінде тіркелген. Кілтті таңдау арқылы күдіктілер пәтерге кірген және жеке мүлікті ұрлап кеткен. Олар оқиға орнында ұсталды", - дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаев.

Ұсталғандардың үшеуі бұрын сотты болған және ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеген. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная