25 қаңтар 2023 10:32

Алматыда пәтер ұрылары мен ұрланған тауарды сатып алушы ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда полицейлер пәтер ұрылары мен ұрланған тауарды сатып алушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер пәтер ұрылары мен ұрланған тауарды сатып алушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық топтың құрамында болған бес адам Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысынан келгендер.

"Қаскөйлер "іске" жұпқа бөлініп барды. Компьютерлік клубта орын алған ұрлықтың бірі бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған. Айыпталушылардың әрбір қадамы: терезені сындырудан бастап, ақша мен ұялы телефон ұрлағандарына дейін жазылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен топтың барлық мүшелерін және ұрланған тауарды сатып алушыны ұстады. Анықталғандай, ол тек ойын приставкаларына қызығушылық танытқан. Бұл жағдайда сұраныс ұсынысты тудырды. Алған олжаның сәтті сатылатынын анық білген ұрылар тек компьютерлік клубтарды тонап жүрген", - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Реклама
Реклама

Ұсталғандардың әрқайсысында бұрын заңмен байланысты мәселелері болған және олар қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша сотталғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктілердің екі ұрлыққа қатыстылығы дәлелденді. Ұсталғандарға айып тағылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram